Меню KDT

НОВОСТИ

15.06

Хабарлама №4

ХАБАРЛАМА №4

 

 

Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңына сәйкес.

«Болашак Инвест»несие серіктестігі» ЖШС-нің (бұдан әрі мәтін бойынша -несие серіктестігі) қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы  өтетін   туралы  хабарлайды. Жиналыс өткізу тәртібі (күндізгі). Жалпы  жиналыстың өтетін уақыты: сағат 10:00, өтетін күні: «12» шілде  2023 жылы, өтетін орны: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Мажитов  көшесі, № 12 үй. 

 

Күн тәртібі:

  1. Басқарма төрағасын жаңа мерзімге сайлау туралы.
  2. «Еуразиялық Банк» АҚ-дағы орналасқан депозит соммасының мөлшерін 50% толықтыруі туралы. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның алдындағы міндеттемелерді орындау мақсатында, «Еуразиялық Банк» АҚ-да құрылған  депозиттік шоттағы ақшалай қаражатты қамтамасыз ету ретінде ұсынуы туралы. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның алдындағы міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда, «Еуразиялық Банк» АҚ-дағы депозит шотағы орналастырылған ақшалай қаражатты, «Болашак Инвест несие серіктестігі» ЖШС-нің қосымша ескертусіз тікелей дебеттеу жолымен есептен шығаруға құқығы беру  туралы. Несие желісінің сомасын ұлғайтуы туралы.
  3. 2023 жылғы 13 маусымда сатып алынған автокөлікті сатып алу туралы мәмілені бекіту туралы. «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ-ның алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге несие серіктестіктің жылжымалы мүлігін автокөлігін маркасы «Toyota land cruser 200» «Аграрлық Несие Корпорациясы»АҚ-на кепілге қою туралы. Несие серіктестіктің 2023 жылғы бюджетіне енгізілген өзгерістерді бекіту туралы
  4. «Болашак Инвест несие серіктестігі» ЖШС-ның атынан: қарыз шартына, кредиттік шартқа, негіздемелік келісімге, кепіл шартына, кепілдікке, қосымша келісімдерге  және өзге құжаттарға қол қою құқығы бар  уәкілетті өкілі ретінде Басқарма төрайымын Берекетова Рауан Талгатовнаны  бекітуі туралы.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Наши партнеры