05.09
Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Хабарлама №5
Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңына сәйкес.
«Болашак Инвест»несие серіктестігі» ЖШС-нің қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы өтетін туралы хабарлайды. Жиналыс өткізу тәртібі (күндізгі). Жалпы жиналыстың өтетін уақыты: сағат 10:00, өтетін күні: «21» қыркүйек 2022 жылы, өтетін орны: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Мажитов көшесі, № 12 үй.
КҮН ТӘРТІБІ:
- Несие серіктестігінің құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау арқылы және несие мүшелерінің жарналарын көбейтуіне байланысты Жарғылық капиталдың ұлғайтуын бекітуі туралы. Несиелеу лимитін бекітуі туралы. Несие желісінің сомасын ұлғайтуы туралы.
- Жарғылық капиталдың ұлғаюына байланысты, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның алдындағы «Еуразиялық Банк» АҚ-дағы орналасқан міндетті депозит шоттағы, депозит мөлшерін 50% толықтыруі туралы. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның алдындағы міндеттемелерді орындау мақсатында, «Еуразиялық Банк» АҚ-да құрылған депозиттік шоттағы ақшалай қаражатты қамтамасыз ету ретінде ұсынуы туралы. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның алдындағы міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда, «Еуразиялық Банк» АҚ-дағы депозит шотағы орналастырылған ақшалай қаражатты, «Болашак Инвест несие серіктестігі» ЖШС-нің қосымша ескертусіз тікелей дебеттеу жолымен есептен шығаруға құқығы беру туралы.
- «Болашак Инвест несие серіктестігі» ЖШС-ның атынан: қарыз шартына, кредиттік шартқа, негіздемелік келісімге, кепіл шартына, кепілдікке, қосымша келісімдерге және өзге құжаттарға қол қою құқығы бар уәкілетті өкілі ретінде Басқарма төрайымын Берекетова Рауан Талгатовнаны бекітуі туралы.
- Несие серіктестігінің Жарғысына енгізілген өзгерістер бекітуі және Жарғысына енгізген өзгеріске қол қою уәкілеттігін Басқарма төрайымына Берекетова Рауан Талгатовнаға беруі туралы;